Өңдеу өнеркәсібіндегі инвестиция 22%-ға өсті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы
Басты Жаңалықтар Өңдеу өнеркәсібіндегі инвестиция 22%-ға өсті

Өңдеу өнеркәсібіндегі инвестиция 22%-ға өсті

Өңдеу өнеркәсібін инвестициялау осындай көрсеткішке жетті. Бұл дегеніміз шет елдік инвесторлардың өңдеу өнеркәсібіне қаржысын салып жатқанын көрсетеді. Бұған дейін олар қаражаттарын тау-кен саласына құятын. Президенттің жолдаудағы тапсырмасын орындау аясында өңдеу өнеркәсібісінің үлесі артып келеді. Шикізатты арзан бағаға өзгеге сатпай, өзіміздің өнімізді шығаруға басымдық берілуде.Тағы қандай жобалар жүзеге асуда? Самал Қабышеваның материалында.

Биыл іргетасы қаланған ірі жобалардың бірі – Жамбыл облысында. Болат шығаратын зауыттың жылдық қуаты 3 млн тонна. Құрылыс кезінде 1,5, ал зауыт іске қосылғаннан кейін 2,5 мыңнан астам жұмыс орны ашылады. Жүзеге асыру екі кезеңге жоспарланған. 2027 жылы зауыт пайдалануға берілсе, ал одан кейінгі екі жыл ішінде, яғни 2029 жылға дейін өндірістік қуаттылықты кеңейту жұмыстарын жүргізу жоспарланған.

Ербол Қарашөкеев, Жамбыл облысының әкімі:

Жамбыл облысы бойынша айрықша жоба болмақ. Жалпы құны 675 млрд теңгені құрайтын жоба еліміздегі темір кенін терең өңдеудін толық циклы бар қара метал мен метал өнімдерін шығаратын ірі өндірушінің бірі боларына сеніміміз мол.

2025 жылғы жаңа өнеркәсіптік жобалардың ішінде Қызылорда облысында санитарлық-техникалық өнім шығаратын зауыт құрылысы бар. Инвестор – испандық «Roca Group». Халықаралық жетекші компанияның әлем бойынша 78 өндірістік нысаны бар.

Павлодар және Қостанай облыстарында толық циклді алюминий кластерін құру жөніндегі жоба жүзеге асуда. Бұл Қазақстандағы ең ірі металлургиялық бастама. Шикізатты өндіруден бастап, дайын өнімді шығару көзделуде.

2022-2024 жылдар аралығында ел экономикасына 69 млрд доллардан астам инвестиция тартылды. Оның 22%-ы өңдеу өнеркәсібіне және 39%-ы тау-кен өндірісіне бағытталды. Салыстыру үшін айтсақ, 2019-2021 жылдары барлық тікелей шетелдік инвестициялардың шамамен 50%-ы тау-кен секторына тиесілі болды. Президенттің жолдаудағы тапсырмасын орындау аясында өңдеу өнеркәсібісінің үлесі артып келеді. Соңғы бес жылда инвестиция үлесі 14%-дан 22%-ға дейін өсті.

Шикізатты арзан бағаға өзгеге сатпай, өзіміздің өнімізді шығаруға басымдық берілуде.

Самал Қабышева


Бөлісу