Өзбекстанда «Қазақстанның мұрағаттары күндері» өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Өзбекстанда «Қазақстанның мұрағаттары күндері» өтті

28.08.2025

Өзбекстанда «Қазақстанның мұрағаттары күндері» шарасы өтті. Ақпараттық қоғамдағы мұрағаттардың орны мен маңызы талқыланды. Бауырлас екі елді байланыстыратын тарихи құжаттар көрмесі ұйымдастырылды. Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы қарым-қатынас саяси, экономикалық және мәдени-гуманитарлық салаларға негізделген. Ынтымақтастықтың басты бағыттары сауда, инвестиция, шекара қауіпсіздігі мен мәдени-рухани байланыстарды қамтиды. Осы салалар бойынша мұрағат деректері жеткілікті. Құнды құжаттар мемлекеттік органдардың, ғылыми институттар мен кітапханалардың архивінде сақтаулы. Қос мемлекеттің халқын ортақ тарих байланыстырады. Сондықтан қазақстандық зерттеушілермен ынтымақтастық өте зор дейді мамандар.

Шухрат Турсынбаев, «Узархив» агенттігі директорының кеңесшісі:

Тарихи деректер мен құнды құжаттарды сақтау бойынша Қазақстанмен ынтымақтастық уақыт өткен сайын артып келеді. Өткен жылы біздің республикамыздың архивтер күні Қазақстанда атап өтілді. Мұрағаттардың есігі зерттеушілерге әрдайым ашық.

Базаркүл Отыншиева

Хабарламаларға жазылу