Татарстанда Қазақстанның мәдени күндері басталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Татарстанда Қазақстанның мәдени күндері басталды

08.09.2022

Бас аяғы оннан астам шара өтеді деп жоспарланған.

Индира Бегайдар, тілші:

Екі елдің дипломатиялық қатынасының 30 жылдығына орай Қазақстанның Ресей өңірлерінде мәдениет күндері ретімен өтпек. Міне, бүгін Татарстанда басталды. Оған Қазақстаннан арнайы делегация келді. Қазақстан мен Татарстанның арасындағы бұрыннан жалғасып келе жатқан шынайы бауырластық қарым-қатынас бар. Сауда, экономика, ауыл шаруашылығы, мұнай-газ химиясы, өнеркәсіптік кооперация және басқа да салаларда ынтымақтастық жоғары.

Фарид Мұхаметшин, Татарстан мемлекеттік кеңесінің төрағасы:

Әсіресе машина жасау саласында бірлескен кәсіпорынның санын көбейтуді жоспарлап отырмыз. Қазақстан - Татарстан үшін басты сауда серіктестің бірі. Сондықтан қазіргі қысылтаяң кезеңде алыс-берісті арттыру мақсат.

Екі ел арасындағы тауар айналымы былтыр 423 миллион доллар болған, алдағы уақытта оны 1 миллард долларға жеткізу көзделуде. Бүгін осы мәселелер де талқыланды. Сонымен қатар қазақ киносының күндері өтіп жатыр. Онда отандық фильмдер ұсынылды. Ал кешке эстрада жұлдыздарының қатысуымен гала-концерт ұйымдастырылмақ.


Хабарламаларға жазылу