Сыртқы істер министрлігі Өзбекстандағы соңғы оқиғаларға қатысты мәлімдеме жасады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Сыртқы істер министрлігі Өзбекстандағы соңғы оқиғаларға қатысты мәлімдеме жасады

04.07.2022

Еліміздің Сыртқы Істер министрлігі Өзбекстандағы соңғы оқиғаларға қатысты мәлімдеме жасады. «Өзбекстан –бауырлас мемлекет, сенімді одақтас және стратегиялық серіктес. Сондықтан Қазақстан соңғы күндері Өзбекстан Республикасында болған оқиғаларды алаңдаушылықпен қабылдады. «Өзбекстан басшылығының Қарақалпақстан Республикасындағы жағдайды тұрақтандыру бойынша шешімдерін құптаймыз, әрі қолдаймыз. Бауырлас Өзбекстанда аса маңызды саяси оқиға – Конституцияға түзетулер жөніндегі референдум қарсаңында – бейбітшілік пен тыныштық орнығатынына сенімдіміз» делінген мәлімдемеде. 

Хабарламаларға жазылу