Қарағанды қаласы Əлихан Бөкейхан атындағы ауданда «Таза бейсенбі» акциясы өтті. «Amanat» партиясының бастамасымен тұрақты түрде өткізіліп келе жатқан шараға 30 жуық партия мүшелері, еріктілер мен «Жастар рухы» жастар қанатының белсенділері қатысты. Табиғат жанашырлары көше бойын ретке келтіріп, акция барысында 3 тоннадан астам қоқыс шығарылды. Апта сайын үздіксіз өтіп келе жатқан акцияға əр бір аудан, ауыл тұрғындары да белсенді қатысуда.
Нұрсұлтан Рымбай, «Жаңа Майқұдық» мәдениет үйінің қызметкері:
Бұдан былай көрген адамдар баласына айтады: «Мінекей, сенің артыңнан адамдар жинап жатыр», - деп, тəрбие жүргізеді деген ойдамыз. Қазақстан біздің ортақ үйіміз, сондықтан үйіміздің таза болуы - біздің қолымызда.
Жандос Бақытұлы
