Қарағанды көшелерін су басты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қарағанды көшелерін су басты

27.09.2023

Қарағандыда түстен кейін жауған жауын қаладағы көлік қозғалысын тежеп, тұрғындарды әбігерге салды. Бір сағатқа жуық құйған нөсер суды тізеге дейін көтеріп, тіпті ғимараттарға да кіріп кеткен.

Нөсер жауын әп-сәтте көшелерде тасқын боп ақты. Белуардан су кешкен көліктер тұралап, тіпті автобустарға дейін су кірді. Жаяу жүргіншілер балақтарын түрер-түрместен тығылатын жер іздеп, сеңдей соғылысты. Көшеге симаған су Қарағанды техникалық универстиетіне де кіріп, студенттер жалаңаяқ далаға қашты. Тасқынды таспаға түсіргендердің көбі қаладағы суағарлардың жағдайына наразы. Көп көшелерде ол атымен жоқ, Барлары бітеліп қалған. Нөсер жауын осы олқылықтарды тағы бір мәрте әшкере әшкере қылды.


Руслан Нұрланұлы

Хабарламаларға жазылу