Конституция – қоғамдық тәртіптің негізі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы
Басты Жаңалықтар Конституция – қоғамдық тәртіптің негізі

Конституция – қоғамдық тәртіптің негізі

Заңға құрметпен қарау – міндет. Қоғам қайраткерлері мен заңгер ғалымдар жастарға осылай деп кеңес берді. Бүгін Талдықорғанда «Заңдылық пен қоғамдық тәртіптің негізі» атты ғылыми тәжірибелік конференция өтті. Жиында Конституцияның ел бірлігі мен тұрақтылығын сақтаудағы маңызы жайлы айтылды. Құқықтық мемлекеттің қалыптасуындағы заң үстемдігі. Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етудің өзекті мәселелері талқыланды.

Наурыз Қылышбаев, қоғам қайраткері:

Ата Заңымыздың 30 жылдығы құтты болсын! Заңдылық пен қоғамдық тәртіп сақталған жерде ғана Конституция мықты болады. Бүгінде өркениет өрінде өз орнымызды алдық. Әділдік бар жерде халықтың ризашылығы артады. Ал халықтың разылығы болуы үшін Конституция талаптары барлық жерде сақталуы қажет.

Дамир Нұрмұхамет

Бөлісу