Ақтөбелік жастар жүгіріп жүріп, қоқыс терді
Ақтөбелік жастар тазалық акциясын ерекше форматта ұйымдастырды. Су қоймасының жанында экоплоггинг өтті. Бұл – жүгірумен қатар қоқыс жинауға бағытталған жаңа тренд. Яғни, қатысушылар белгіленген уақыт ішінде жарыса жүріп, қоқыс жинайды. Шараға 200-ге жуық адам қатысты. Бірнеше командаға бөлінген жастардың барлығы дерлік ерекше белсенділік танытты. Көп қоқыс жинаған топтар жеңімпаз атанып, оларға арнайы грамота мен сыйлықтар табысталды. Өңірде жыл басынан бері «Таза Қазақстан» акциясына 273 мың адам қатысқан.
Артур Әзиев, «Жасыл ел» еңбек жастары штабының төрағасы:
«Бұлақ көрсең, көзін аш» дейміз, Ақтөбеде 4-5 бұлақ бар ғой, солардың бәрін тазаладық. Тазалаудан бөлек әктедік, баяу жұмыстарын өткіздік. Одан бөлек 4-5 жағалау болса, Қарғалы өзені, Елек жағалауының тазаладық. «Таза Қазақстан», «Таза қала – таза жағалау» акциясы аясында өтті.
Жақсыбек Кемал
Автор
Жақсыбек Кемал
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Зеленский: Ел аумағына шетелдің мыңдаған жауынгері шоғырлануы мүмкін
05.09.2025, 20:24

«AFD»: Инвесторларға жол ашу
05.09.2025, 20:08
Президент мұнай-газ саласының қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтады
05.09.2025, 20:05
Мейіргерлер науқасты қабылдауға дайын ба?
05.09.2025, 20:00
БҚО-да газ өңдеу зауыты салынады
05.09.2025, 19:57
Президент Моңғолияның Ұлы Мемлекеттік Хуралының Төрағасымен кездесті
05.09.2025, 19:55
Мұнай өңдеу зауытының қуаттылығы екі есеге артады
05.09.2025, 19:51
Елордада 55 инвестициялық жоба іске асырылмақ
05.09.2025, 19:49