АҚШ-тың Аризона штатында шаңды дауыл көтерілді. Бұл тұрғындардың үрейін алды. Ал елдің метеорология агенттігі көлік жүргізушілерін абай болуға шақырды. Мұндай дауылды көрсе, рөлді басқа бағытқа бұру қажеттігін ескертті. Әдетте мұндай дауыл Құрама Штаттардың оңтүстік-батысында жазғы муссон маусымында жиі болады.
Арай Төлегенқызы
