Абай облысында 4,5 миллион қорап темекі жойылды
Абай облысында контрафактілік темекі өнімдерінің рекордтық көлемі яғни 4,5 миллион қорап темекі жойылды. Бұл - көлеңкелі айналымға қарсы жүйелі күрес. Осы көлемдегі контрафактілік өнім заңсыз айналымға түссе, 1,5 миллиард теңгеден астам көлеңкелі кіріс әкеліп, қылмыстық құрылымдарды қаржыландыруға әрі азаматтардың денсаулығына қауіп төндіруі мүмкін еді. Контрафактілік темекі өнімдерін жою – халықты сапасыз әрі сертификатталмаған тауардан қорғаумен қатар, адал кәсіпкерлікті қолдауға, әділ бәсекелестікті қамтамасыз етуге және республиканың экономикалық қауіпсіздігін нығайтуға ықпал етеді.
Олжас Бейсенбай, облыстық Жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқарма басшысы:
Бұл жастардың денсаулығына, салауатты өмір салтына қайшы түсінік деп ойлаймыз. Және де бұл Президенттің көтеріп отырған «Заң мен тәртіп» қағидатына қарама-қайшы келеді. Осы құндылықты қоғамда тарататын да, оны алға алып жүретін де жастар болғандықтан арнайы осы акцияға міне, әріптестермен бірге келіп қатысып отырмыз.
Ақниет Балтанова
Автор
Ақниет Балтанова
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Зеленский: Ел аумағына шетелдің мыңдаған жауынгері шоғырлануы мүмкін
05.09.2025, 20:24

«AFD»: Инвесторларға жол ашу
05.09.2025, 20:08
Президент мұнай-газ саласының қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтады
05.09.2025, 20:05
Мейіргерлер науқасты қабылдауға дайын ба?
05.09.2025, 20:00
БҚО-да газ өңдеу зауыты салынады
05.09.2025, 19:57
Президент Моңғолияның Ұлы Мемлекеттік Хуралының Төрағасымен кездесті
05.09.2025, 19:55
Мұнай өңдеу зауытының қуаттылығы екі есеге артады
05.09.2025, 19:51
Елордада 55 инвестициялық жоба іске асырылмақ
05.09.2025, 19:49