«Documentolog» құжат алмасуға кедергі келтіргені үшін тергелді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Documentolog» құжат алмасуға кедергі келтіргені үшін тергелді

26.08.2025

«Documentolog» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі құжат алмасуға кедергі келтіргені үшін тергелді. Бәсекелестікті қорғау агенттігі аталған мекемені 2021-2024 жылдары электронды құжат алмасу нарығында үстемдік жүргізіп, басқа жүйелермен құжат алмасуға кедергі келтіргені үшін сотқа берген. Сот компанияның тергеп-тексеруді тоқтату туралы талабын қанағаттандырмады. Цифрлық даму министрлігі де заңбұзушылықты жою туралы акт енгізді. Қазіргі уақытта компания кедергілерді жойып, құжат алмасу жүйесін қалыпқа келтірді.

Ақниет Балтанова

Хабарламаларға жазылу