Шикізаттық емес экспорт пен сауда көлемі 8,6%-ға өсті
Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауында айтқан тапсырмалары «Айтылды-жасалды» қағидаты бойынша қарқынды жүзеге асып келеді. Мәселен, Үкімет отандық тауар өндірушілердің позициясын нығайту, шикізаттық емес экспорт көлемін арттыру және шағын-орта бизнесті қолдау бойынша жүйелі жұмыстар жүргізіліп жатыр. Отандық тауарлардың сыртқы нарыққа шығуы үшін инфрақұрылым реттеліп келеді. Биыл 7 айда сауда көлемі 8,6%-ға, ал салаға салынған инвестиция көлемі жарты жылда 37%-ға өсіп, 438 млрд теңгеге жетті. Салада 800 мыңнан астам бизнес субъектісі бар. Олар 1,5 млн-нан астам адамды жұмыспен қамтып отыр.
Арман Шаққалиев, ҚР Сауда және интеграция министрі:
Тауарлардың шығарылған елін айқындау мәселелері бойынша ҚР заңнамасына өзгерістер енгізілді. Қазақстандық тауар өндірушілердің тізімі жасалады. Онда өндірушілер туралы нақты деректер жинақталады. Осы арқылы өндірушілер мемлекеттік қолдау шараларын алады. Сондай-ақ мемлекеттік және квазимемлекеттік сатып алуға еркін қатысады. Мемлекеттік қолдау алған сауда субъектілері сөренің 50%-ын отандық тауар өндірушілерге беруі керек.
Ақниет Балтанова
Автор
Ақниет Балтанова
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Зеленский: Ел аумағына шетелдің мыңдаған жауынгері шоғырлануы мүмкін
05.09.2025, 20:24

«AFD»: Инвесторларға жол ашу
05.09.2025, 20:08
Президент мұнай-газ саласының қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтады
05.09.2025, 20:05
Мейіргерлер науқасты қабылдауға дайын ба?
05.09.2025, 20:00
БҚО-да газ өңдеу зауыты салынады
05.09.2025, 19:57
Президент Моңғолияның Ұлы Мемлекеттік Хуралының Төрағасымен кездесті
05.09.2025, 19:55
Мұнай өңдеу зауытының қуаттылығы екі есеге артады
05.09.2025, 19:51
Елордада 55 инвестициялық жоба іске асырылмақ
05.09.2025, 19:49