Александр Шевченко АҚШ ашық чемпионатының алғашқы айналымынан әрі аса алмады. Ол бірінші кездесуін әлемнің 18-ракеткасы, испаниялық Алехандро Давидович-Фокинаға қарсы өткізді. Жерлесіміз бірінші сеттен бастап осалдық тантты. Бар-жоғы 1 геймді қанағат тұтты. Бұл есеп екінші сетте де қайталанды. Шешуші партиядада жағдай аса қатты өзгермеді. Бір сағаттай болған матч 6:1, 6:1, 6:2 есебімен түйінделді. Бүгін-ертең кортқа Елена Рыбакина, Александр Бублик және Юлия Путинцева шығады.
Асылбек Данияр
