Валерия Цой жарысты аяқтады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Валерия Цой жарысты аяқтады

22.02.2014
Валерия Цой жарысты аяқтады
Сочи Олимпиадасында сноуборд сайысында сынға түскен жалғыз қазақстандық спортшы Валерия Цой жарысты аяқтады. Ол параллелді слалом бағдарламасында 1/8 финалға өте алмады.
 
Валерия Цой бірінші мүмкіндікте 34,79 секунд, ал екінші мүмкіндікте 33,88 секундты көрсетті. Нәтижесінде қазақстандық спортшы 32-ші орынға тұрақтады. Ал келесі кезеңге тек 16 спортшы өтті.
 
Айта кетейік, Валерия Цой бұған дейін гиганттық параллелді слаломда да 1/8 финалға шыға алмады.

Хабарламаларға жазылу