Адвокаттар алқасы: Адвокатураның мәртебесін арттыру қажет
Ата заң – мемлекеттілігіміздің негізі, құқықтық тәртіп пен тұрақтылықтың тірегі. Конституция аясында елімізде маңызды реформалар жүзеге асып, халықтың өмір сапасы мен мемлекеттік басқару жүйесінде елеулі өзгерістер болды. Биыл Конституцияның қабылданғанына 30 жыл толып отыр. Осы уақыт ішінде қоғам да, заман да өзгерді. Сол себепті заңнамалық нормаларды уақыт талабына сай бейімдеп, жаңарту қажеттігі туындап отыр. Осыған орай биыл Конституцияға бірқатар түзетулер енгізілуде.
Қазақстанның адвокаттар алқасы да осы реформа аясында адвокатураның мәртебесін арттыруды ұсынып отыр. Прокуратура сияқты адвокатураның да құқықтық статусы нақты бекітілуі тиіс деп санайды. Бұл – қорғанушы тараптың да тең құқыққа ие екенінің кепілі болмақ.
Айдын Бикебаев, Қазақстан Республикалық адвокаттар алқасының төрағасы:
Біздің ойымызша, әлі де өзгерістер болуы керек. Прокуратура Ата заңымызда көрсетілген ғой, оның рөлі, статусы. Адвокатураның да рөлі мен статусын енгізу керек. Осындай өзгерістер болса да, өзіміздің ұсыныстарымызды айтып жатырмыз.
Ақниет Балтанова
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
