Астанада автобус жолдан шығып кетіп, 14 адам жарақаттанды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы
Басты Жаңалықтар Астанада автобус жолдан шығып кетіп, 14 адам жарақаттанды

Астанада автобус жолдан шығып кетіп, 14 адам жарақаттанды

Астанада автобус жолдан шығып кетіп, 14 адам ауруханаға жеткізілді. Көлік апаты Қабанбай батыр даңғылында болған. Қалалық Денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, зардап шеккендер көпбейінді стационарларға және Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығына жеткізілді. Кейбірі амбулаторлық емдеуге жіберілді, қалғандары медициналық тексеруден өтіп жатыр. Негізінен жолаушылар жеңіл жарақаттармен түсті, - деп хабарлады қалалық Денсаулық сақтау басқармасы. 

Ақниет Балтанова

Бөлісу