Үржардан Астанаға санавиациямен жеткізілген балалардың жағдайы тұрақты. Көпсалалы қалалық 2 балалар ауруханасының дерегінше, 6 жастағы ұл бала травматология бөлімшесінде жатыр. 9 жастағы қыз бала жансақтау бөлімінде. Ал үшіншісі авиациямен Үржардан Семей медицина университетіне жеткізілді. Заманауи құрылғылардың көмегімен науқастың жағдайы жан-жақты тексеріліп, тиісті емдеу шаралары жүргізіліп жатыр.
Үржардағы апат: көлік жүргізу құқығынан айырылды
Бестерек ауылында 6 баланы қағып кеткен көлік жүргізушісінің «эпилепсия» диагнозы болғаны расталды. Осыған байланысты ол көлік жүргізу құқығынан айырылды. Бұл туралы Үржар аудандық сотының төрағасы хабарлады.
Шынар Оспанова, Үржар аудандық сотының төрағасы:
Үржар аудандық сотымен бүгінгі күнде Аңсабаевқа қатысты заң шеңберінде қаралып, көлік құралын басқару құқығы тоқтатылды. Ол кісінің диагнозы бар. G 40.3 – «эпилепсия» синдромы деген. Бүгінгі күні ол кісі D есебінде тұрады.
Ақниет Балтанова
