Түркиядағы жол апаты: Екі қазақстандыққа ота жасалды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Түркиядағы жол апаты: Екі қазақстандыққа ота жасалды

31.07.2023

Түркияда жол апатынан зардап шеккен 12 қазақстандық азаматтың екеуіне ота жасалды. Науқастардың жағдайы жақсы, оларға барлық қажетті медициналық көмек көрсетілуде. Еліміздің Сыртқы істер министрлігінің ақпаратына сәйкес, қалған 10 отандасымыздың 4-і бала. Олардың өміріне еш қауіп жоқ. Барлығының медициналық сақтандыруы бар.

Анталиядағы қазақстандық дипломаттар біздің азаматтармен тұрақты байланыста және тиісті жұмыстар жүргізіліп жатыр. Түрік полициясының мәліметі бойынша, автобус жүргізушісі жоғары жылдамдықпен келе жатып жүк көлігін соққан. Айта кетейік, оқиға кеше таңертең Аланияда болды. Жол апатына ұшыраған автобуста 12 Қазақстан азаматы болған.  


Самал Қабышева

Хабарламаларға жазылу