Елімізде «Ұлттық тауарлар каталогы» іске қосылады
Қазақстанда «Ұлттық тауарлар каталогы» іске қосылады. Мысалы, қазір барлық азаматтарда өз жеке сәйкестендіру нөмірі бар. Дәл сол сияқты барлық тауардың да енді өз ЖСН-і болады. Бұл жаңашылдық қарапайым тұтынушыларға еш әсер етпейді. Ал кәсіп иелерінің керісінше, жұмысын жеңілдетеді, - дейді сауда және интеграция министрлігінің өкілдері. Әр тауарды жеке-жеке базаға енгізбей, белгілі нөмірмен бәрін бір сәтте енгізуге мүмкіндік туады. Бүгінде пилоттық жоба ретінде 15 млн тауар интеграцияланды. Ірі сауда желілері жаңа жобаны қолдап отыр. 1 қаңтардан бастап кішкентай дүкендер, базар, барлық сату алаңдарындағы тауарлар 100% қамтылмақ.
Әсет Өтеғалиев, ҚР СИМ Тауарларды таңбалау және цифрлық трансформациялау департаменті директорының орынбасары:
Барлығына бірыңғай нөмір берсек, қай жерде не сатылғанын бақылап отырамыз. Бұл алдағы уақытта азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге ықпал етеді. NTN нөмірі арқылы қай өңірде қандай тауар барын, қай жерде азайып жатқанын дер кезінде біліп, сол аймаққа қосымша жеткізуге мүмкіндік туады.
Ақниет Балтанова
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
