Боччадан халықаралық турнир басталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы
Басты Жаңалықтар Боччадан халықаралық турнир басталды

Боччадан халықаралық турнир басталды

Астанада боччадан халықаралық турнир басталды. Оның ашылу салтанатына қатысқан, Сенат төрағасы, Қазақстан Бочча федерациясының Президенті Мәулен Әшімбаев, елімізде инклюзивті қоғам қалыптастыруға үлкен көңіл бөлініп отырғанына тоқталды. Сондай-ақ бұл бағыттың негізгі басымдықтарына назар аударды. Қазір ел аумағында 250-ден астам мүмкіндігі шектеулі жан осы спортпен тұрақты шұғылданады. Еліміздің 20 қаласында жаттығулар жүйелі түрде өткізіліп келеді. Қазақстан параспорттың бұл түрінен Орталық Азияда көш бастаса, әлемдік рейтингте 18-орында. Ал Қазақстанда мұндай жарысты алғаш рет өткізіп жатыр. Халықаралық бочча федерациясының қолдауымен ұйымдастырылған бәсекеде Еуропа, Азия және Таяу Шығыс елдерін қоса алғанда 13 мемлекеттің пара атлеттері бақ сынайды.

Мәулен Әшімбаев, ҚР Парламенті Сенатының төрағасы:

Біздің елімізде паралимпиадалық спортты дамыту және баршаға тең мүмкіндік жасау жолында ауқымды жұмыстар атқарылып келеді. Қазіргі таңда Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың қолдауымен елімізде параспортты дамытуға үлкен мән беріліп отыр. Қазақстанда ерекше спортшыларға өз әлеуетін іске асырып, мақсаттарына жетулері үшін барлық жағдай жасалуда. Осы ретте «World Boccia Challenger» турнирі де елдегі параспорттың дамуына ықпал етеді деп сенеміз.

Темірлан Нұржанұлы

Бөлісу