Биыл 12 мың шақырым автожол жөнделді. Бұл туралы автожолдардың сапасын арттыру жөніндегі Президент тапсырмаларының орындалу барысы туралы Үкіметтегі жиында белгілі болды. Көлік министрлігінің мәліметінше, еліміздегі автокөлік жолдарының жалпы ұзындығы 185 мың шақырымды құрайды. Бүгінде республикалық көлік дәліздерінің жағдайы 93%-ға, жергілікті магистральдардың нормативтік деңгейі 89%-ға жақсарды. Әсіресе «Қарағанды – Алматы» бағытындағы жолдың 885 шақырым, «Талдықорған – Өскемен» трассасының 768 шақырымы жаңартылды. Сонымен қатар «Атырау – Астрахан» және «Ақтөбе – Қандыағаш» жолдарының реконструкциясы аяқталды. Осы 4 бағытта барлығы 49 көпір, 54 өткел салынды. Бұл жұмыстар Мемлекет басшысының Жолдауда, Ұлттық құрылтайда жүктеген тапсырмасы аясында жүзеге асырылды.
Арман Әлібаева, «ҚазЖолҒЗИ» АҚ президенті:
Бүгінде жол саласына цифрлық технологиялар белсенді енгізіліп жатыр. Соңғы 5 жылда мамандар жол салу мен жөндеу тәсілдерін жақсартуға арналған 20-дан аса ғылыми зерттеу жүргізді. Қазір елімізде бірнеше цифрлық жоба іске асуда. Мысалы «Superpave» технологиясы. Бұл асфальттің берік болуы үшін нақты ауа райы мен көлік қозғалысына сай материалды дәл таңдауға көмектеседі. Бұл жобалар көлік инфрақұрылымын дамытуға бағытталған.
Ернұр Медет
