Бокстан әйелдер арасында 66 келіде Париж Олимпиадасында чемпион болған Иман Хелиф кәсіби мансабын аяқтады. Оған гендерлік даудың шиеленісуі себеп болған. Бұл туралы оның бұрынғы менеджері хабарлады, - деп жазды «Бірінші бол» сайты. Ол сондай-ақ Хелифтің Алжирде, кейде Катарда жаттығатынын, негізінен демеушілер қаржысына күн көргенін айтты.
Хелиф 2025 жылдың маусымында Нидерландыда өткен турнирге қатыса алмаған. Ұйымдастырушылар гендерлік тестілеу нәтижесін күтпей-ақ оны жарыстан шеттеткен.
Асылбек Данияр
