Дәл осы сырт алаңдағы «Селтик» пен «Қайрат» кездесуін стадионда 56 мыңнан астам көрермен тамашалаған. Арасында қазақстандық клубты қолдауға келген 60-қа жуық жанкүйер бар. Олар ел тарихындағы маңызды матчты көру үшін арнайы Ұлыбританиядан келіпті. Әлеуметтік желідегі видеодан көрермендердің қолында Қазақстан туы болғанын анық аңғаруға болады.
Асылбек Данияр
