Футболдан UEFA Чемпиондар лигасының плей-офф кезеңінде ешкім күтпеген нәтиже тіркелді. Алматылық «Қайрат» Шотландияның «Селтик» командасымен тең ойнады. Жанкүйерлер, тіпті кейбір спорт сарапшылары бұл матчта Шотландияның 55 дүркін чемпионы жеңеді деп пайымдаған еді. Алайда, «Қайрат» қарсыластың атақ-даңқынан қаймыққан жоқ. Енді ойынға қысқаша шолу жасасақ. Қазақстандық клуб бір сәтте осалдық танытпады, лайықты қарсылық көрсете білді. Бірінші таймның 11-ші минутында 14-ші нөмірдегі ойыншы Александр Мартыновичтың қарсылас қақпасына салған еді. Төреші мұны ойыннан тыс қалды деп есептемеді. Ойын барысында Дастан Сәтпаев бірнеше рет нәтижелі пас беріп үлгерді.
«Селтик» ойыншылары 56-шы минутта қателік жіберді. Мұны «Қайраттық» Эдмилсон сәтті пайдалана алмады. Доп қақпаның үстіне ұшып кетті. Ал, қақпашы Александр Заруцкийдің қырағылығы бір төбе. Қарсыластың бірде-бір голын жіберіп алмаған ол екінші таймда жарақат алып, матчты жалғастыра алмады. Оның орнына шыққан Темірлан Анарбеков те сенімді ойын өрнегін көрсете белді. 86-шы минутта басынан жарақат алса да, матч аяқталғанша берілмеді. Айта кетейік, «Селтик» қарт құрлықтың доп додасындағы алғашқы ойынын плей-офф кезеңінен бастады.
Асылбек Данияр
