Халықаралық қаржы институттарымен бірлескен 7 жоба жүзеге аспақ - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Халықаралық қаржы институттарымен бірлескен 7 жоба жүзеге аспақ

21.08.2025

Халықаралық қаржы институттарымен бірлескен 7 жоба жүзеге аспақ. Президенттің жолдауда айтқан тапсырмасына сәйкес, мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында нақты жұмыстар қолға алынды. 

Атап, айтсақ, Алматыда 5900 орындық жаңа жатақханалар салынады. Сондай-ақ Қарағанды, Алматы, Семей және Ақтөбе қалаларында заманауи көпбейінді университеттік ауруханалар бой көтереді. Маңғыстау облысында Халықаралық қаржы корпорациясының қолдауымен тәулігіне 50 мың текше метр теңіз суын тұщыландыратын зауыт салу ісі де жоспарда бар. Бұл бастамаларға Азия даму банкі мен Еуропалық қайта құру және даму банкі секілді ірі қаржы ұйымдары қолдау көрсетеді. Елдегі әлеуметтік әрі инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыруға 500 млрд теңгеге жуық инвестиция тартылған. 

Айдос Көбетов, «Қазақстандық мемлекеттік-жеке меншік әріптестік орталығы» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары: 

Халықаралық қаржы институттары конкурстық құжаттарды даярлауға көмектесіп қоймай, инвестиция тартуға көмектеседі. Сонымен қатар кейіннен өздері қаржыландырады соны. Жобалар жетеу.  Бұл тек бастама ғана. Пилоттық десек те болады. Бұдан ары олардың саны артады деп күтілуде. 

Ернұр Медет

      

Хабарламаларға жазылу