Ақтөбеде 19 бірлескен жоба жүзеге асады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақтөбеде 19 бірлескен жоба жүзеге асады

12.12.2023

Бұл зауыттың ашылғанына көп бола қойған жоқ. Алайда қазірдің өзінде еліміздегі мұнай компанияларының сұранысын толық өтеп отыр. Мұнда әр түрлі өлшемдегі құбырлардан бастап, мұнай-газ өндірісіне қажетті сан түрлі жабдық шығарылады. Кәсіпорында 140 адам еңбек етеді.

Жақсыбек Кемал, тілші:

Зауыттың жылдық қуаттылығы 50 мың тонна. Кәсіпорын тапсырыс берушінің сұранысына сай мұнай өндірісіне қажетті кез келген жабдықты шығара алады. Алдағы уақытта өндіріс көлемін ұлғайту жоспары бар.

Кәсіпорын құрылысына 9 миллион АҚШ доллары көлемінде инвестиция тартылған. Былтыр жаңа цех салынды. Әкімдік шет елдік инвесторларға заң аясында қажетті көмек түрлерін көрсетіп жатыр.

Данияр Лекеров, сату бөлімінің басшысы:

Инвестконтрактпен жұмыс істеп жатыр. Жеңілдіктер бар. Облыс әкімдігі бізге индустриалды дамуға көмек беріп жатыр. Инвестконтрактіге сай салық жағынан көмек берілді. Жергілікті өндірушіміз, жеңілдіктер бар.

Ақтөбе – өндірісті аймақ. Ауыл шаруашылығы үшін де қолайлы. Жуық арада қой жүнінен экологиялық таза әрі жылу сақтайтын құрылыс материалдарын шығаратын зауыт іске қосылуы тиіс. Сондай-ақ, битум мен цемент өндіретін кәсіпорындар да ашылады. Шетелдіктер тек өндіріске ғана емес, білім саласына да қаржы құюға мүдделі. Мәселен, 2024 жылы Біріккен Араб Әмірліктерінің қатысуымен халықаралық мектептің құрылысы басталмақ.

Мұхаммед Шамма, халықаралық мектептің басқарушы директоры:

Келген инвесторларға қолдау бар. Оқу-ағарту министрлігімен ынтымақтастықта жұмыс істеп жатырмыз. Біз бұл мектепті кез келген бала үшін қол жетімді етуді көздейміз.

Ақтөбе облысының сыртқы сауда айналымы 3 миллиард АҚШ долларынан асты. Инвесторлар үшін біздің елде қолайлы жағдайлар жасалған. Сондықтан бұл көрсеткіш, көбеймесе, төмендемек емес.

Нұртуған Оралбаев, облыстық индустриялық-инновациялық даму басқармасы басшысының орынбасары:

Ірі және маңызды жорбаларды атап айтқанда нефтохимия саласында мұнай регенттерін өндіру зауыты, шламдарды қайта өңдеу фабрикасы іске қосылды. Сонымен қатар сүт өңдеу цехы. Медициналық кластерді дамыту бойынша,медициналық туризм бойынша көптеген жобаларымыз бар.

Биыл облысқа салынған инвестицияның негізгі бөлігі өңдеу өнеркәсібі мен металл кенін игеруге бағытталды. Нәтижесінде, жалпы сомасы 57 миллард теңге болатын 20-ға жуық ірі жоба жүзеге асырылады.

Жақсыбек Кемал


Хабарламаларға жазылу