Денсаулық сақтау министрі ауруханадағы балалардың жағдайын білді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы
Басты Жаңалықтар Денсаулық сақтау министрі ауруханадағы балалардың жағдайын білді

Денсаулық сақтау министрі ауруханадағы балалардың жағдайын білді

Үржардан Астанаға санавиациямен жеткізілген екі бала әлі жансақтау бөлімінде жатыр. Бүгін Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова №2 көпбейінді балалар ауруханасына барды. 9 жастағы қыз бала мен 6 жастағы ұл баланың жағдайымен танысты. Сондай-ақ, олардың анасымен кездесіп, қолдау білдірді. Министр барлық қажетті медициналық көмектің көрсетіліп жатқанын, балалар оңалып кеткенше толық бақылауда болатынын айтты. Жантүршігерлік жол апаты 19-шы тамыз күні болған еді. Көлік 6 баланы қағып кетті. Үшеуі қаза тапты. Үшеуі ауруханаға жеткізілді. Екеуі Астанада, біреуі Үржар ауданында ем қабылдап жатыр.

Ернұр Медет


Бөлісу