СҚО шенеуніктері 79 қоқыс алаңы жабылды деп жалған есеп берген
Солтүстік Қазақстан облысында шенеуніктер 79 қоқыс алаңы жабылды деп жалған есеп берген. Көзбояушылыққа жол берген 12 ауыл әкімі жазаланды. Оларға айыппұл салынды, ал Экология департаменті және табиғи ресустарды реттеу басқармасының басшысы мен аудан әкімінің орынбасарлары тәртіптік жауапқа тартылды. Сондай-ақ бүгін Қызылжар ауданы Бәйтерек ауылы жанындағы қоқыс полигоны соттың шешімімен жабылды. Бірнеше елді мекен тұрғындары мұнда 2004 жылдан бері тұрмыстық қалдықтарды заңсыз төгіп келген. Қазір рекультивация жұмыстары басталды. Әзірге тұрғындар Шаховское ауылының маңындағы орынды пайдаланады.
Нұрсұлтан Қуатов, Қызылжар ауылдық округінің әкімі:
Қоқыс аумағы 4 гектардай. Қазір 4 гектардың барлығы толып қалған. Сондықтан тастамауларыңызды сұраймын. Енді Президенттің тапсырмасы бойынша «Таза Қазақстан» акциясы аясында ауылымызды, жерімізді таза ұстауға шақырамын. Енді кімде кім бұл жерге қоқыс тастайтын болса, айыппұл арқалайды.
Аснурия Абдула
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Зеленский: Ел аумағына шетелдің мыңдаған жауынгері шоғырлануы мүмкін
05.09.2025, 20:24

«AFD»: Инвесторларға жол ашу
05.09.2025, 20:08
Президент мұнай-газ саласының қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтады
05.09.2025, 20:05
Мейіргерлер науқасты қабылдауға дайын ба?
05.09.2025, 20:00
БҚО-да газ өңдеу зауыты салынады
05.09.2025, 19:57
Президент Моңғолияның Ұлы Мемлекеттік Хуралының Төрағасымен кездесті
05.09.2025, 19:55
Мұнай өңдеу зауытының қуаттылығы екі есеге артады
05.09.2025, 19:51
Елордада 55 инвестициялық жоба іске асырылмақ
05.09.2025, 19:49