46 кеншінің өмірін жалмаған Костенко шахтасындағы апатқа қатысты сот үкімі шықты. Айыпталушы деп танылған шахтаның түрлі деңгейдегі 10 басшысына Қылмыстық кодексте көзделген ең жоғары жаза тағайындалды. Шахта директоры 8 жылға, қалғаны 5 жылдан 7 жылға бас бостандығынан айырылды. Денсаулығына байланысты бір сотталушыға жазасын үй қамағында өтеуге рұқсат берілді. Сот ісі шамамен алты айға созылып, 108 том іс материалдары қаралды.
Естеріңізге сала кетсек, 2023 жылы қазан айында Костенко шахтасында апат болып, жерасты жұмыстары кезінде 46 кенші қаза тапқан болатын. Онымен қоса 20 жуық адам жарақат алған.
Шерхан Жамбылұлы
