Қазақстанда жыл сайын тамыз айының үшінші жексенбісінде Спорт күні аталып өтеді. Биыл мереке аясында еліміздің барлық өңірінде 150-ге жуық спорттық іс-шара ұйымдастырылмақ. Бұл туралы Туризм және спорт министрлігінің баспасөз өкілдері хабарлады. Биыл алғаш рет министрлік қолдауымен екі ірі республикалық жоба жүзеге асады. Атап айтқанда, 10-15 тамыз күндері елордадағы «Сарыарқа» велотрегінде өңірлік дене шынықтыру және спорт мекемелері қызметкерлері арасында республикалық турнир өтеді. Екіншісі «Спорт ардагерлерінің бірінші форумы» мен спорт ардагерлері арасындағы жарыс ұйымдастырылады. Сондай-ақ барлық облыста бірнеше олимпиадалық және ұлттық спорт түрлерінен сайыстар өтеді. Оған балалар да, жастар да тіпті зейнеткерлер де қатыса алады. Сонымен қатар біршене спорт кешенін ашу жоспарланған.
Асылбек Данияр
