Алматыда ағаш құлап, 29 жастағы келіншек жан тапсырды
Алматыда ағаш құлап, 29 жастағы келіншек қайтыс болды. Оқыс оқиға бүгін сағат 11-лер шамасында Әди Шәріпов пен Қарасай батыр көшелерінің қиылысында болған. Куәгерлердің айтуынша, марқұм құрбысымен бірге көшеде кетіп бара жатқан жерінен жол бойындағы ағаш бұтағы сынып жерге түскен. Жедел жәрдем келгенге дейін әйел жан тапсырған. Ал қасындағы құрбысы аман-есен. Қазір оқиға орнында полицейлер мен мамандар жұмыс істеп жатыр. Қалалық Полиция департаментінің хабарлауынша, қылмыстық іс қозғалып, оқиғаның мән-жайы анықталуда.
Құрбанжан Шәкір, куәгер:
Мен жұмысқа келе жатқан кезде жол бойында бір қыздың жатқанын көрдім. Алғашқы көмек көрсетейін деп қасына бардым. Сұлық жатты, тынысы жоқ. Өзім осы маңда жұмыс істеймін. Жалпы, мұндағы ағаштардың діңі шіріп жатыр. Жақында осы жерде тұрған ескі ағаштарды қауіпсіздік үшін арнайы мамандар шақыртып кестірген едік.
Айдана Қуантхан
Автор
Айдана Қуантхан
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Зеленский: Ел аумағына шетелдің мыңдаған жауынгері шоғырлануы мүмкін
05.09.2025, 20:24

«AFD»: Инвесторларға жол ашу
05.09.2025, 20:08
Президент мұнай-газ саласының қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтады
05.09.2025, 20:05
Мейіргерлер науқасты қабылдауға дайын ба?
05.09.2025, 20:00
БҚО-да газ өңдеу зауыты салынады
05.09.2025, 19:57
Президент Моңғолияның Ұлы Мемлекеттік Хуралының Төрағасымен кездесті
05.09.2025, 19:55
Мұнай өңдеу зауытының қуаттылығы екі есеге артады
05.09.2025, 19:51
Елордада 55 инвестициялық жоба іске асырылмақ
05.09.2025, 19:49