Қызылорда облысында мәдени-демалыс кешені жаңғыртылды
Қызылорда облысы Қазалы ауданында «Таза Қазақстан» акциясы аясында демалыс орындарын абаттандыру жұмыстары қарқынды жүріп жатыр. Биыл кентте мәдени-демалыс кешені қайта жаңғыртудан өткізіліп, көпшілік игілігіне берілді. Кешен аумағында «Құрметті азаматтар» тақтасы, шахмат және теннис үстелдері, велосипед жолақтары бар. Сонымен қатар «Даңқ», «Тағзым», «Киелі қазақ елі» және «Ғашықтар» аллеясы, спорттық алаңдар мен балаларға арналған ойын алаңдары орнатылған. Кешен аумағын көгалдандыру аясында 20 мыңға жуық ағаш егілді.
Мұрат Әбсұлтанов, Қазалы ауданы әкімінің орынбасары:
Екінші кезеңде «Тағзым алаңына» Қазақ хандығынан бастап, өткен барлық тарихи тұлғаға арналған ескерткіштер мен монументтер орнатылды. Сондай-ақ қасиетті қазақ жерінің картасы бейнеленіп, барлық тарихи нысанға QR-код қойылды. Соның нәтижесінде демалыс саябағына келушілер саны артуда.
Шерхан Жамбылұлы
Автор
Шерхан Жамбылұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Зеленский: Ел аумағына шетелдің мыңдаған жауынгері шоғырлануы мүмкін
05.09.2025, 20:24

«AFD»: Инвесторларға жол ашу
05.09.2025, 20:08
Президент мұнай-газ саласының қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтады
05.09.2025, 20:05
Мейіргерлер науқасты қабылдауға дайын ба?
05.09.2025, 20:00
БҚО-да газ өңдеу зауыты салынады
05.09.2025, 19:57
Президент Моңғолияның Ұлы Мемлекеттік Хуралының Төрағасымен кездесті
05.09.2025, 19:55
Мұнай өңдеу зауытының қуаттылығы екі есеге артады
05.09.2025, 19:51
Елордада 55 инвестициялық жоба іске асырылмақ
05.09.2025, 19:49