Жетісу облысында «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауының жүлдегерлері анықталды
Жетісу облысында «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауының облыстық кезеңінің жүлдегерлері анықталды. Жалпы жарысқа өңірдің түкпір-түкпірінен 400-ден астам отбасы қатысқан. Соның ішінде бас жүлдені Бектеновтар отбасы иеленді. Марлан Бектенов 30-дан аса шабандоз тәрбиелеген бапкер. 7 бала тәрбилеп отырған отбасы Республикалық кезеңге жолдама алды.
Динара Бектенова, Ескелді ауданының тұрғыны:
Біздің байқауға қатысу себебіміз - бағымызды сынап көрейік дедік. Бізде үлгілі ұлағатты бетке ұстар отбасының бірі болған соң қатысып көрдік. Облысты жеңіп республикаға жолдама алдық.
Осындай марапатқа ие болғандардың бірі – Қаратал ауданынан Биболовтар әулеті. Олар – жалпы еңбек өтілі 75 жылдан асатын теміржолшылар. Адал кәсіпті бәрінен де биік қойған әулеттің еңбекқорлығы көпке үлгі.
Светлана Әбішева, Қаратал ауданының тұрғыны:
Теміржолда істеп жатқанымызға, теміржолшы әулетін есептеп көрсем, 400 жыл болады екен. Әкем, бауырларымыз - бәріміз теміржолшы әулетінен шыққанбыз. Теміржол бойында өстік. Осындай мерейтой болып жатқанына рахмет.
Дамир Нұрмұхамет
Автор
Дамир Нұрмұхамет
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Бақытжан Сапиев Президент кеңесшісі болып тағайындалды
25.09.2025, 20:17

Almaty Superski тау шаңғысы курортын дамыту жоспары бекітілді
25.09.2025, 20:17
Қожа Ахмет Ясауи кесенесі жыл соңына дейін қайта қалпына келтіріледі
25.09.2025, 20:15
Әлем жаңалықтарына шолу
25.09.2025, 20:15
Түркияда шахтада топырақ көшіп, кеншілерді басып қалды
25.09.2025, 20:13
Маңғыстауға былтыр 460 мыңнан астам турист келген
25.09.2025, 20:11
Еуропада автоөндіріс тұралады
25.09.2025, 20:10
Павлодар облысында 100-ге тарта білім мекемесінде директор жоқ
25.09.2025, 20:09