Әлемдік жұлдыз Дженнифер Лопестің Алматыда өткен концертінен кейін еріктілер орталық стадионға тазалық жұмыстарын жүргізді. Ауқымды шараға еліміздің әр түкпірінен 20 мыңнан аса адам, 35 елден турист келді. Концерт аяқталысымен еріктілер бірден тазалау жұмыстарына белсене кірісті. Олар трибуналар мен өткелдерді мұнтаздай етті. Ұйымдастырушылар бұқаралық шараларды өткізудің мәдениеті қалыптасып келеді дейді. Шоу аяқталғаннан кейін де еріктілер қала қонақтарына қамқорлық көрсетті.
Ал Қостанай облысының Рудный қаласында да жастар арасында экоквест ұйымдастырылды. 30-дан астам ерікті жол бойындағы күл-қоқысты жинап, әртүрлі тапсырма орындап өзара жарысқа түсті. Олар барлығы 25 келіден 40 қапқа жуық қоқыс жинаған. Кейін қоқысты талапқа сай сұрыптады. Мұндай акция жастардың қоршаған ортаға деген жауапкершілігін арттырып, эко мәдениетін дамытуға бағытталған.
Айдана Қуантхан, Мәдина Нағашыбай
