Абайдың 180 жылдығы Жапонияда ЭКСПО төрінде тойланды
Абайдың 180 жылдығы жаһандық ЭКСПО көрмесі төрінде тойланып жатыр. Күншығыс елінің Осака қаласындағы халықаралық шарада Қазақстан күні аталып өтті. Әлем көз тіккен Осакада Ұлттық арнаның түсірілім тобы жұмыс істеп жатыр. Бейнегүл, Ұлттық күннің ерекшелігі неде?
Бейнегүл Абауова, тілші:
Ұлттық күннің ерекшелігі де сол Абайдың 180 жылдығына орайластырылған. Біз Осака шығанағындағы жасанды Юмешима аралындағы ЭКСПО аумағындамыз. Қазақстан күні салтанатты шеру¬ден басталды. Түрлі халықаралық додаларда дараланған өнер иелерінен тұратын 100-ге жуық делегация өкілі керуен түзді. Күншығыс елінің көгінде қазақтың домбырасы күмбірлеп, әуені әуеледі. Жиналған жұрт ұлттық киімдегі өнерпаздар керуенін тамсана көріп, жарыса суретке түсірді. Барынша құрмет көрсетіп, ыстық ықылас танытты. Ұлттық киімдегі тау тұлғалы батырларымыз бен қыпша бел қыздарымыздың көркіне таңданыстарын жасыра алмады. Одан соң салтанатты жиын өтіп, ту көтеру рәсімі болды. Көрмеге қатысып, өз жетістіктерін әлемге паш еткен жер-жаһанның 160¬-қа жуық мемлекетінің ішінде Қазақстанның орны ерек. Павильонда медицина, жасанды интеллект технологиялар, ғылым мен білім саласындағы тың жобалар қойылған. Таяуда миллионыншы көрермен келеді деген болжам бар. Жалпы көрмені 28 млн-нан астам адам тамашалайды делінген. Сәуір айында ашылған көрме жұмысы қазан айына дейін жалғасады.
Бейнегүл Абауова
Автор
Бейнегүл Абауова
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Ұлы дала жорығы» бәйге-марафоны өз мәресіне жетті
26.09.2025, 10:32

Қазақстандық теннисші беделді турнирдің ширек финалына шықты
26.09.2025, 10:18
Шымкентте еңбек күніне арналған жәрмеңке өтті
26.09.2025, 10:13
Жамбыл облысында екі ірі зауыттың құрылысы басталды
26.09.2025, 10:12
Қосылған құн салығын көтергеннен дағдарыс болмайды
26.09.2025, 10:10
Ғалымдар парацетамолға қатысты Трамптың мәлімдемесін негізсіз деп санайды
26.09.2025, 10:09
Трамп Түркияны Ресей мұнайынан бас тартуға шақырды
26.09.2025, 10:07
5 жылға сотталған Саркози апелляциялық сотқа шағымданбақ
26.09.2025, 10:06