Абай ескерткішіне 5000-нан аса адам гүл шоқтарын қойды
Алатау баурайында да ұлы ойшыл Абайдың 180 жылдығы кең көлемде тойланып жатыр. Абай алаңына 5000-нан астам адам жиналып, ескерткішке гүл шоқтарын қойды. Шараға қала әкімі, зиялы қауым өкілдері мен қоғамдық кеңес мүшелері және жастар жиналды. Мерейтойда дала данышпанының танымал әндері орындалды. Ұлы тұлғаның ұрпаққа қалдырған ұлы өсиеті насихатталды. Салтанатты шара «Алаштың Абайы» атты музыкалық-драмалық концертпен жалғасып жатыр. Жалпы ұлы ақынды ұлықтау мақсатында жыл басынан бері алып шаһарда 120-дан аса іс-шара ұйымдастырылды.
Смағұл Елубай, жазушы:
Біз Абайды таныған сайын халқымызды тани түсеміз. Абайды таныған сайын, халқымыздың кемшілігін көре түсеміз. Кемшілікті көрген сайын, сонымен күреске шыға түсеміз. Сондықтан Абайға жақындау – халықтың өз-өзіне жақындауы деп білеміз.
Айдана Қуантхан
Автор
Айдана Қуантхан
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Ұлы дала жорығы» бәйге-марафоны өз мәресіне жетті
26.09.2025, 10:32

Қазақстандық теннисші беделді турнирдің ширек финалына шықты
26.09.2025, 10:18
Шымкентте еңбек күніне арналған жәрмеңке өтті
26.09.2025, 10:13
Жамбыл облысында екі ірі зауыттың құрылысы басталды
26.09.2025, 10:12
Қосылған құн салығын көтергеннен дағдарыс болмайды
26.09.2025, 10:10
Ғалымдар парацетамолға қатысты Трамптың мәлімдемесін негізсіз деп санайды
26.09.2025, 10:09
Трамп Түркияны Ресей мұнайынан бас тартуға шақырды
26.09.2025, 10:07
5 жылға сотталған Саркози апелляциялық сотқа шағымданбақ
26.09.2025, 10:06