Абайдың 180 жылдық мерейтойына 15 елден делегация келеді
10 тамызда Абай Құнанбаевтың туған жерінде өтетін шараларға 30 мыңнан астам адам қатыспақ. Олардың арасында 15 елден шетелдік делегация, ғылыми және шығармашылық зиялы қауым, жастар, өнер және БАҚ өкілдері бар. Қазір Абай ауданында киіз үй тігілген. Шараларды ұйымдастыруға жүздеген мәдениет қайраткері, аспаздар, техникалық мамандар, 530 волонтер, ардагерлер атсалысады. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте мәлім болды. Биыл еліміздің барлық өңірінде қазақтың ұлы ақыны, ғұлама ойшылы Абай Құнанбаевтың 180 жылдығына арналған 5 мыңнан аса түрлі форматтағы іс-шаралар жоспарланып, іске асырылуда.
Ерлан Дәкенов, ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі мәдениет комитетінің төрағасы:
«Асыл сөзді іздесең Абайды оқы» республикалық жыр мүшәйрасы, Қалибек Қуанышбаев атындағы қазақ ұлттық музыкалық драма театрында Мұхтар Әуезовтің «Абай» спектаклі, Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік академиялық концерттік ұйымындағы концерті, «Абай оқулары» республикалық байқауы және тағы басқа ауқымды іс-шаралар өтеді.
Самал Қабышева
Автор
Самал Қабышева
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Бразилия тұрғыны скейтбордпен әлемдік рекорд жаңартты
26.09.2025, 14:27

Өлеңі өшпес, рухы мәңгі Оразалы Досбосынов
26.09.2025, 14:24
Шорға шайқасы ғылыми тұрғыда нақтыланды
26.09.2025, 14:21
Маңғыстау облысында оныншы «Келешек мектеп» ашылды
26.09.2025, 14:18
Жамбыл облысында әскерге барғысы келетін жастар көбейіп артып келеді
26.09.2025, 14:15
Ақтөбеде 300 жұмыс орны ұсынылды
26.09.2025, 14:12
Ресейде АИ-92 маркалы бензині қат
26.09.2025, 14:09
Израиль әуе күштерінің 8 адам қаза тапты
26.09.2025, 14:06