Астанада Хакім Абайдың 180 жылдық мерейтойына арналған дөңгелек үстел өтті
«Ұлы Абай – рухани темірқазық». Астанада осындай атаумен Хакім Абайдың 180 жылдық мерейтойына арналған дөңгелек үстел өтті. Қазақстан халқы Ассамблеясы ұйымдастырған шарада ақынның өмір жолы мен шығармашылығы кеңінен насихатталды. Жиынға абайтанушылар мен қоғам қайраткерлері, Қазақстан халқы Ассамблеясының өкілдері қатысты. Дөңгелек үстел соңында өзге ұлт өкілдері арасында өткен «Абай өлеңі әлем тілдерінде» халықаралық бейне челленджінің қорытындысы жарияланды. Ұйымдастырушылар жүзден жүйрік шыққандарды арнайы алғыс хатпен марапаттап, Абайдың мұрасын дәріптеуге қосқан үлестері үшін алғыстарын білдірді.
Наргиза Махмудова, қалалық Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары:
Біздің мақсатымыз – жастарға Абай оқуларын, қара сөздерін және даналығын дәріптеу. Этнос өкілдері Абай Құнанбайұлының шығармаларын жатқа айтты. Бүгінгі дөңгелек үстелде рухани мұра ретінде қалдырған хакімнің өсиетін жастармен бірге жалғастыру көзделеді.
Асылбек Данияр
Автор
Асылбек Данияр
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Бразилия тұрғыны скейтбордпен әлемдік рекорд жаңартты
26.09.2025, 14:27

Өлеңі өшпес, рухы мәңгі Оразалы Досбосынов
26.09.2025, 14:24
Шорға шайқасы ғылыми тұрғыда нақтыланды
26.09.2025, 14:21
Маңғыстау облысында оныншы «Келешек мектеп» ашылды
26.09.2025, 14:18
Жамбыл облысында әскерге барғысы келетін жастар көбейіп артып келеді
26.09.2025, 14:15
Ақтөбеде 300 жұмыс орны ұсынылды
26.09.2025, 14:12
Ресейде АИ-92 маркалы бензині қат
26.09.2025, 14:09
Израиль әуе күштерінің 8 адам қаза тапты
26.09.2025, 14:06