Петропавлдағы балабақшада қауіпсіздікті жасанды интеллект қадағалайды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Петропавлдағы балабақшада қауіпсіздікті жасанды интеллект қадағалайды

08.08.2025

Петропавлда «Балдәурен» балабақшасындағы қауіпсіздікті жасанды интеллект қадағалайды.

Жоба бір жылдан бері тәжірибе ретінде жүзеге асып келеді. Мектепке дейінгі мекемеде 64 цифрлық камера жұмыс істеп тұр. Заманауи техника тәрбиеленушілер мен қызметкерлердің мінез-құлқын бақылап, агрессивті қимылдарды анықтайды. Санаулы секундта сигнал беріп, келеңсіз жағдайдың алдын-алуға көмектеседі. Балабақша басшылығының айтуынша, бұл Қазақстан бойынша алғашқы жоба. Қазір оны басқа да білім беру мекемелеріне енгізу мәселесі қарастырылуда.

Мадина Дәрібаева, балабақша меңгерушісі:

Жүйе енгізілгенше біз бірнеше уақытымыз кететін еді, архивті көру үшін. Қазіргі кезде жасанды интеллект осы фактілерді анықтайды. Бізге телефон арқылы хабар беріледі. Соны ашып көргенде 2-3 минуттың ішінде тәрбиешілерге, балаларға көмектесетін шамамыз бар.

Сонымен қатар балабақша ұжымы тағы бір жобаны сынақтан өткізуде. Жасанды интеллект камералар арқылы педагогтердің да көңіл-күйін бақылайды. Ақпаратты талдап, адамның психоэмоционалдық портретін қалыптастырады. Осылайша, стресстік жағдайда жүрген тәрбиешілерге арнайы мамандар дер кезінде көмек көрсете алады.

Эльмира Кәленова


Хабарламаларға жазылу