Қазақстан мен Сербия ынтымақты күшейтуге мүдделі
Астанадан Белградқа тікелей әуе рейсі ашылуы мүмкін. Бұл туралы қазақстандық-сербтік үкіметаралық комиссия отырысында айтылды. Жаңа бағытты Белградтан Марокко, Тунис, Барселона мен Ларнакаға дейін ұзарту жайы да қарастырылып жатыр. Бұдан бөлек, жиында біздің тарап ауыл шаруашылығы өнімдерінің экспортын арттыруға мүдделі екенін жеткізді. Атап айтқанда, бұршақ дақылы, өсімдік майы, балық, ет пен сүт өнімдерінің саудасын еселеуге бейіл. Қазірдің өзінде екі ел арасында ауыл шаруашылығы бағытындағы алыс-беріс 4 миллион долларға жеткен. Бұл былтырғы жылдан 1 жарым есе көп.
Серік Жұманғарин, ҚР Премьер-министрінің орынбасары – Ұлттық экономика министрі:
Бүгінгі үкіметаралық комиссия отырысында Қазақстан мен Сербия арасындағы ынтымақ жайын жан-жақты талқыладық. Екі ел алыс-берісті жылдан жылға көбейтіп келеді. Ауыл шаруашылығы ғана емес, денсаулық сақтау, туризм, ғылым, мәдениет салаларында да бірлескен жобаларды арттыруға болады.
Жанел Өтеулі
Автор
Жанел Өтеулі
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Бразилия тұрғыны скейтбордпен әлемдік рекорд жаңартты
26.09.2025, 14:27

Өлеңі өшпес, рухы мәңгі Оразалы Досбосынов
26.09.2025, 14:24
Шорға шайқасы ғылыми тұрғыда нақтыланды
26.09.2025, 14:21
Маңғыстау облысында оныншы «Келешек мектеп» ашылды
26.09.2025, 14:18
Жамбыл облысында әскерге барғысы келетін жастар көбейіп артып келеді
26.09.2025, 14:15
Ақтөбеде 300 жұмыс орны ұсынылды
26.09.2025, 14:12
Ресейде АИ-92 маркалы бензині қат
26.09.2025, 14:09
Израиль әуе күштерінің 8 адам қаза тапты
26.09.2025, 14:06