Дінтанушы: Бетті тұмшалауға тыйым – қауіпсіздік кепілі
Бетті толық тұмшалайтын киімдерге тыйым салу сенім бостандығына немесе адам құқықтарына қысым емес. Бұл – ұлттық қауіпсіздік пен қоғам тыныштығын қамтамасыз етуге бағытталған маңызды қадам. Дінтанушы Толғанай Мұстафинаның айтуынша, заңға енгізілген өзгерістерде дәстүрлі киімге тыйым салмайды. Тек, бетті толық жабатын киім түрлеріне ғана қатысты, яғни, жеке басын сәйкестендіру мүмкін болмайтын жағдайларға шектеу қойылады. Маман мұндай тәжірибенің шетелде бұрыннан бар екенін, мемлекеттің қоғамдық тәртіп пен өз азаматтарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін жасап отырған заңды шарасы екенін алға тартты.
Толғанай Мұстафина, дінтанушы:
Бетті тұмшалап жауып алу 1-ден идентификацияны жүзеге асыруға кедергі жасайды. Қазіргі кезде қауіпсіздік мәселелерінің бәрі цифрлық құрылғылармен бізді идентификациялау арқылы жүзеге асады. Қазақ қоғамында ешқашан бетті тұмшалап алу деген норма болмаған. Сондықтан дін тұрғысынан да, заң тұрғысынан да бұл ешқандай құқық бұзушылыққа жатпайды.
Айдана Қуантхан
Автор
Айдана Қуантхан
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Зеленский: Ел аумағына шетелдің мыңдаған жауынгері шоғырлануы мүмкін
05.09.2025, 20:24

«AFD»: Инвесторларға жол ашу
05.09.2025, 20:08
Президент мұнай-газ саласының қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтады
05.09.2025, 20:05
Мейіргерлер науқасты қабылдауға дайын ба?
05.09.2025, 20:00
БҚО-да газ өңдеу зауыты салынады
05.09.2025, 19:57
Президент Моңғолияның Ұлы Мемлекеттік Хуралының Төрағасымен кездесті
05.09.2025, 19:55
Мұнай өңдеу зауытының қуаттылығы екі есеге артады
05.09.2025, 19:51
Елордада 55 инвестициялық жоба іске асырылмақ
05.09.2025, 19:49