Қазан қаласында мұсылман киносының халықаралық фестивалі басталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазан қаласында мұсылман киносының халықаралық фестивалі басталды

10.09.2018

Татарстан астанасы Қазан қаласында мұсылман киносының халықаралық фестивалі басталды. Байқауға әлемнің 60-қа тарта мемлекетінен 900-дей фильм қатысып жатыр. Олардың арасында қазақстандық режиссерлер түсірген 8 бірдей кинокартина да бар.

2005-ші жылдан бері ұйымдастырылып келе жатқан фестивальдің ерекшелігі, бұл байқауда атыс-шабыс, ұрыс-төбелес оқиғалары бар фильмдер мүлде көрсетілмейді. Керісінше, ұйымдастырушылар, ізгілікті, адамгершілік пен мейірімді насихаттап, ұлттық құндылықтарға негізделген туындыларды көпшілікке таныстырады. Фестиваль 10-шы қыркүйек күні аяқталып, үздік шыққан фильмдер 14 номинация бойынша марапатталады.  

Миляуша Айтуғанова, фестивальдің атқарушы директоры:

Қазақ елі биылғы фестивальге өте белсенді қатысып жатыр. Себебі біздің арамыздағы достығымыз, байланысымыз берік. Мәселен, осы байқаудан өткен бірқатар туындыларды біз Қазақстандағы «Шәкен жұлдыздары» фестиваліне жібергелі отырмыз. Осылайша өзара тәжірибе алмасып, біздер тек саясат пен экономикада ғана емес, мәдениет саласындағы ынтымақтастығымызды да арттыра беруіміз керек.

Нұртас СОЛТАНҰЛЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.    

Хабарламаларға жазылу