Түркістан облысында білім бөлімінің 46 қызметкеріне қатысты сот үкімі шықты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Түркістан облысында білім бөлімінің 46 қызметкеріне қатысты сот үкімі шықты

18.07.2025

Түркістан облысында Жетісай аудандық білім бөлімінің бұрынғы басшылары мен есепшілеріне бірер сәттен соң сот үкім шығарады. Мемлекет қаржысын жымқырған 46 адамға қатысты қазір үкім оқылып жатыр. Сотталушылардың көптігіне байланысты үкім облыстық соттың спорт залында, алқа билердің қатысуымен өтуде. Бүгінгі отырысқа шамамен 200-ге жуық адам қатысты. Үкім әлі толық жария етілген жоқ. Тергеу барысында лауазым иелерінің 4 млрд теңгеден аса қаржыны ұрланғаны анықталды.

Айта кетейік, облыс бойынша 8 ауданда білім бөлімінің қызметкерлері 12 млрд теңге көлемінде қаржы жымқырғаны дәлелденді. Облыстық прокуратура мен экономикалық тергеп тексеру департаментінің қызметкерлері аса ірі көлемде қаржы ұрлаған 165 адамға қатысты тергеуді аяқтап, қылмыстық істерді сотқа өткізген болатын. Соның ішінде Сауран, Созақ, Келес, Сарыағаш аудандарының білім саласы қызметкерлері түрлі мерзімдерге бас бостандықтарынан айырылған болатын.

Айнұр Ақбаева


Хабарламаларға жазылу