Жамбыл облысында жаңа мәдениет үйі ашылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы
Басты Жаңалықтар Жамбыл облысында жаңа мәдениет үйі ашылды

Жамбыл облысында жаңа мәдениет үйі ашылды

Жамбыл облысы Мырзатай ауылдық округінде 120 орындық жаңа мәдениет үйі ашылды. «Amanat» партиясының сайлауалды бағдарламасы аясында 267 млн теңгеге тұрғызылған нысанда 4 үйірме жұмыс істейді.

Жастар игілігі үшін «Сымбат» және «Балауса» ән-би үйірмесі бар. Ал мәнерлеп оқуды «Сөз патшасы» үйірмесінде үйренуге болады. Сондай-ақ «Аяулы әжелер» клубының да жұмысы жанданбақ. Жалпы, аумағы 547 шаршы метрді құрайтын мәдениет үйінде 6 қызметкер еңбек етеді. Айта кету керек, бүгінде Байзақ ауданында 40-қа жуық мәдениет орталығы жұмыс істейді. Бұл бағыттағы межені 100%-ға жеткізу үшін Ақжар, Ақшолақ және Базарбай ауылдарында да мәдени нысандар салынады. Ал жыл соңына дейін Қордай, Мойынқұм және Шу аудандарында да жаңа мәдениет үйлері ашылмақ.

Фарида Жүнісова, облыстық мәслихат депутаты:

Бұл мәдениет үйінің келер ұрпаққа, қазіргі жастарға деген тәрбиелік мәні өте зор деп ойлаймын. Көшеде ойнап жүргеннен гөрі осындай мәдениет үйлерінде жас балаларымыз үйірмелерге қатысып, тәлім-тәрбие алады деп ойлаймын.

Данияр Әлімқұл


Бөлісу