Сенат депутаты Жамбыл облысындағы ауылдарды аралады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Сенат депутаты Жамбыл облысындағы ауылдарды аралады

18.07.2025

Сенат депутаты Сәкен Арубаев Жамбыл облысы Мойынқұм ауданына жұмыс сапарымен барды. Алдымен Кеңес ауылындағы спорт кешені мен 90 адамға арналған жаңа мәдениет үйін көрді.

Екі нысанның құрылысы толық аяқталса да, құжаттары рәсімделмеген. Сенат депутаты тұрғындар игілігі үшін ұзаққа созбауды тапсырды. Сонымен қатар Мойынқұм ауданына көгілдір отын тарту жұмысының барысымен де танысты. Бүгінде жоба аясында жалпы ұзындығы 37 шақырымдық газ құбыры жүргізілген. Оның 25 шақырымы Шу, ал 12 шақырымдық магистральдік желі Мойынқұм ауданы арқылы өтеді. Ал мердігер кестеден кешікпей келе жатқанын, бірақ қаржыландыру тежеліп тұрғанын жеткізді.

Данияр Әлімқұл


Хабарламаларға жазылу