Ирактың шығысындағы әл-Кут қаласындағы гипермаркет өртенгенде қаза тапқандар саны 69-ға жетті. Тағы 11 тұрғын жоғалып кеткен. Мұны осыдан бірер сағат бұрын жергілікті денсаулық сақтау басқармасы хабарлады.
Өрттің неден басталғаны әзірге белгісіз. Қазір себебі анықталып жатыр. Аймақ губернаторы мәлімдегендей, тергеу нәтижесі алдағы 48 сағат ішінде жарияланады.
Жаңа гипермаркет небары жеті күн бұрын ашылған. Онда сәрсенбі күні түнде тұтанған алапат от толық сөндірілді.
Ирактың ондаған жылдар бойы жөнді басқарылмаған және жемқорлық жайлаған құрылыс алаңдарында қауіпсіздік стандарттары сақтала бермейді. 2023 жылы осы елдің солтүстігінде христиандардың үйлену тойында өрт шығып, 100-ден астам адам қаза тапты.
Арыстан Рысбек
