Жазғы Универсиада: Қазақстан спортшылары Алмания еліне жетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жазғы Универсиада: Қазақстан спортшылары Алмания еліне жетті

16.07.2025


150 елден келген 10 мыңға жуық студент спортшы өзара сынға түседі. Бүгін Германияның бірнеше қаласында ХХХІІ Дүниежүзілік жазғы Универсиада ойындары басталады.

Қазақстан спортшылары Алмания еліне жетті. Бұл жолғы додада ел намысын 12 спорт түрінен 76 спортшы қорғайды. Ал, жалпы теннис, бадмитон, суға жүзу және семсерлесу шеберлері, таэквондошылар мен көркем гимнастика сынды спорттың 18 түрінен медальдар сарапқа салынады. Универсиаданың ашылу салтанатында көк туымызды таэквондошы Батырхан Төлеуғали ұстап шығады. Жастар арасында құрлықтық және әлемдік додаларда олжа салған спортшы үшін бұл - алғашқы Универсиада.

Батырхан Төлеуғали, таэквондодан Қазақстан студенттер құрамасының мүшесі:

Ту ұстап шығу - мен үлкен мәртебе. Дайындық жақсы, жарыста жақсы нәтиже көрсетеміз. 

Нұрсұлтан Тілектес

Хабарламаларға жазылу