Ұлыбританияға мыңдаған ауғандық құпия жоспармен көшірілген
Британия мыңдаған ауғандықты құпия жолмен көшіріп алған. Мұны осы елдің қорғаныс министрлігі растап отыр. Ал жасырын жоспарды Біріккен Корольдіктің бұған дейінгі министрлер кабинеті жасапты. Бір кездері британдықтармен жұмыс істеген ауғандықтарды эвакуациялауға олардың жеке мәліметтерінің абайсызда интернетте тарап кетуі себепші. Ресми Лондонның сөзінше, бұл адамдар көшірілмегенде 2021 жылы билікке келген тәліптер олардан кек алуы мүмкін еді.
«Рейтер» агенттігінің дерегінше, биыл мамырға дейін құпия жолмен 16 мың ауғандық Ұлыбританияға қоныс аударыпты. Бұл жоспарды жүзеге асыруға британ үкіметі 2 миллиард фунт стерлинг немесе 3 миллиард долларға жуық қаражат жұмсаған екен.
Арыстан Рысбек
Автор
Арыстан Рысбек
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Әлем чемпионаты: 3 боксшы жеңіске жетті
08.09.2025, 20:32

EXPO-2025: Қазақстан павильоны миллионыншы мейманын қарсы алды
08.09.2025, 20:29
Сарапшылар: Дамудың нақты бағыты айқындалды
08.09.2025, 20:21
Бір палаталы Парламенттік жүйе еліміздегі реформаларды жаңа деңгейге шығарады
08.09.2025, 20:09
Таразда жасанды интеллект суды үнемдеуге серпін береді
08.09.2025, 20:06
Парламенттік реформаға қатысты халық пікірі қандай?
08.09.2025, 20:04
Еліміз бойынша кәсіпкерлікті қолдауға 2,2 трлн теңге бөлу қарастырылған
08.09.2025, 20:00
Жұмысшы мамандарға лайықты жалақы төлеу қажет
08.09.2025, 20:00