Сенат депутаты: Ғылым мен тәжірибе ұштасуы керек
Астрофизика, астрономия салаларындағы бұған дейін зерттелген ғылыми жұмыстарды тәжірибемен ұштастыру керек. Отандық ғалымдардың тың жобалары әлемдік деңгейде бәсекеге түсе алады. Алматыға жұмыс сапарымен келген сенаторлар осылай дейді. Олар астрофизика институтының мамандарымен, жетекші ғалымдармен жүздесіп, аталмыш саладағы өзекті мәселелерді ортаға салды. Сонымен қатар, Алматы обсерваториясындағы суперкомпьютердің жұмысымен танысты. Құрылғы астрономиялық бақылауды нақты модельдеп, климаттық, геофизикалық болжамдар жасайды, дейді мамандар. Кездесуде Сенат депутаты Ғалиасқар Сарыбаев, ғылыми жұмыстарға кадрларды көптеп тарту маңызды екенін атап өтті.
Ғалиасқар Сарыбаев, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:
Аспан денелерін қарап, олардың қай бағытта жұмыс істеп жатқанын, біздің ауа райын болжауға ғылымның әлеуеті, кадрламыз бар. Дәл сол кадрларды өзімізде ұстап қалу, қайта даярлау, соларға әлеуметтік жағдайларды жасауды қарастыруымыз керек.
Айдана Қуантхан
Автор
Айдана Қуантхан
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Зеленский: Ел аумағына шетелдің мыңдаған жауынгері шоғырлануы мүмкін
05.09.2025, 20:24

«AFD»: Инвесторларға жол ашу
05.09.2025, 20:08
Президент мұнай-газ саласының қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтады
05.09.2025, 20:05
Мейіргерлер науқасты қабылдауға дайын ба?
05.09.2025, 20:00
БҚО-да газ өңдеу зауыты салынады
05.09.2025, 19:57
Президент Моңғолияның Ұлы Мемлекеттік Хуралының Төрағасымен кездесті
05.09.2025, 19:55
Мұнай өңдеу зауытының қуаттылығы екі есеге артады
05.09.2025, 19:51
Елордада 55 инвестициялық жоба іске асырылмақ
05.09.2025, 19:49