Шымкентте 60 мың тұрғын медициналық көмекке зәру
Шымкент қаласы Қайнарбұлақ шағын ауданындағы медициналық емхана құрылысы бірнеше жылдан бері аяқталар емес. Жекеменшік әріптестік аясында салына бастаған ғимараттағы жұмыс сол күйі тоқтап қалды. Өйткені жергілікті билік пен кәсіпкер арасындағы келісімшарттың күші жойылған. Құрылысты жалғастыруға қаржылық қиындықтар себеп болған. Салдарынан қала іргесіндегі Қайнарбұлақ саяжайы мен тұрғын алабындағы 60 мыңға тарта адам әлі де дәрігерлік көмек үшін орталыққа қатынауға мәжбүр. Бұл туралы бүгін Парламент Сенатының депутаты Айгүл Қапбаровамен болған кездесуде айтылды. Халық қалаулысы жергілікті тұрғындардың мұқтажын тыңдап, шешімін таппаған өзге де мәселелермен танысты.
Айгүл Қапбарова, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:
Әлеуметтік әріптестік аясында қазір әкімдік жаңа инвесторларды іздеп жатқан көрінеді. Бұл бойынша біз қосымша тұрғындарға ақпарат береміз. Әрине медициналық көмекке зәру. Сондықтан бұл мәселені тексеру керек. Бақылау керек деп ойлаймын. Көтерілген мәселелердің бәрі сараланады. Әр сұрақ мемлекеттік органдарға жолданады.
Ғани Қалмаханов
Автор
Ғани Қалмахан
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Зеленский: Ел аумағына шетелдің мыңдаған жауынгері шоғырлануы мүмкін
05.09.2025, 20:24

«AFD»: Инвесторларға жол ашу
05.09.2025, 20:08
Президент мұнай-газ саласының қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтады
05.09.2025, 20:05
Мейіргерлер науқасты қабылдауға дайын ба?
05.09.2025, 20:00
БҚО-да газ өңдеу зауыты салынады
05.09.2025, 19:57
Президент Моңғолияның Ұлы Мемлекеттік Хуралының Төрағасымен кездесті
05.09.2025, 19:55
Мұнай өңдеу зауытының қуаттылығы екі есеге артады
05.09.2025, 19:51
Елордада 55 инвестициялық жоба іске асырылмақ
05.09.2025, 19:49